Новости колледжа

Ұлыстың Ұлы күні, жыл басы – Наурыз мейрамы Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінде жарқын да көңілді аталып өтті.

Ұлыстың Ұлы күні, жыл басы – Наурыз мейрамы Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінде жарқын да көңілді аталып өтті. Бүгін, мейрам әсерінен колледждің мәжіліс залы жанданып, шаттықтан шашу шашылды. Тойдың барысында қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлері «Наурыз-шашу», «Тұсау кесер» көрсетіліп, ән шашу шашылып, би биленіп, тойдың әрін кіргізді.

Колледждің төрт тобы, төрт елдің салтын, өнері мен ұлттық тағамдарын көрсетіп әдемі сайыста жарысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша

22921-ЕА, 2311-ЕА топтары бірінші орынға ие болды, екінші орын 23912-ЕА тобына берілді, үшінші орынға 23911-ЕА тобы иеленді.

Құттықтаймыз! 20 03 2024